Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ULYTAU ZHASTARY

ULYTAU ZHASTARY

 Cannot find 'city_list' template with page ''
ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

ULYTAU ZHASTARY

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

  • ҚР азаматтығы;
  • Қатысушының Ұлытау облысында тұрақты тіркеуі болуы;
  • Өтініш беру сәтінде жасы - 35 жасқа дейін (қоса алғанда), жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса);
  • Соңғы 5 жылда қатысушыда және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
  • Зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталған өтініш беру сәтінде Ұлытау облысында таңдалған қызмет саласында кемінде бір жыл ресми жұмыс өтілі;
  • Кредит беруге ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Ұлытау облысында жас мамандарға кредит беруге объектілері Ұлытау облысында орналасқан төмендегі қызмет салалары қатыса алады:
    • Денсаулық сақтау – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері;
    • Білім беру - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,Ұлытау облысында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (соның ішінде 100% мемлекет қатысатын АҚ және КЕАҚ) педагогикалық ұжымы;
    • Мәдениет – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;
    • Спорт – Ұтехникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-педагогтар;
    • БАҚ – атап айтқанда техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарында тіркелгені туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері;
    • Жоғары оқу орындары – атап айтқанда техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлері;
    • Әлеуметтік сала - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлер.
    • • техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалының  қызметкерлері;
    • • Мемлекеттік қызметшілер – жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі лауазымдарды атқаратын, Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының тұрғын үй алу кезегінде тұрған мемлекеттік қызметшілер;
    • • Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысының елді мекендерін электрмен, сумен, жылумен жабдықтау және кәріз құбырларымен жұмыс жасайтын мамандандырылған қызметкерлер;
    • • Ауыл шаруашылығы және ветеринария – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, ветеринариялық пункттердің қызметкерлері, ветеринарлық техниктер мен дәрігерлер, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік коммуналдық мекемелердің қызметкерлері;
    • • Қызмет саласына қарамастан, Ұлытау облысында «жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар» санатында коммунальдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар несиелеуге қатыса алады.

Кредит беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы: 20 млн. теңге;
  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының: 10%-ы;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6% (ЖТСМ 6,1% бастап 6,8% дейін);
  • Қарыз мерзімі: 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты: «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру